Осы жылдың 10-13 наурызы аралығында облыс көлемінде «Допинг» арнайы операциясының бірінші кезеңі өткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Есірткінің заңды айналымын анықтауға бағытталған шара барысында департаменттің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жүргізді. Оның барысында 3 күнде 28 құқық бұзушылық анықталды.
«Допинг» шеңберінде облыс аумағында орналасқан 7 дәріхана тексеріліп, 22 дана таблетка тәркіленді.