• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Наурыз, 2020

Алматыда «Бақытты отбасы», «Белсенді ұзақ өмір» орталықтарының жұмысы тоқтатылды

141 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлының қатысуымен Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығының орындалуына байланысты баспасөз конференциясы өтті.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын орталықтарда стационар жағдайында 6 нысанда карантин жарияланды, жартылай стационар жағдайында – орталықтар демалысқа жіберілді. 

«Бұдан өзге «Бақытты отбасы», «Белсенді ұзақ өмір» орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Қызметкерлердің жалақысы сақталады, орталықтардың жұмысы қашықтықтан жүргізіледі», – деді Данияр Әлкебайұлы.

Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының ведомстволық бағынышты ұйымдары – халықты жұмыспен қамту орталығы мен Басқарманың аудандық бөлімдері штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Бұл ретте, ұйымдарда санитарлық бақылау шаралары, санитарлық ережелерге сәйкес эпидемияға қарсы іс- шаралар қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар Д.Әлкебайұлы, халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жұмыс істейтінін, онда уақытша және әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыс және жастар тәжірибесі қарастырылғандығын, бөлінетін квоталар санының көбейіп жатқанын атап өтті.

Басқарма басшысының орынбасары сөзін қорытындылай келіп,  халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары қамтамасыз етілетіндігін, сондай-ақ қызметкерлердің босауына және оларды жұмысқа орналастыру бойынша уақтылы шаралар қабылдауға бақылау жүргізілетінін атап өтті.