Қостанай облысының полиция департаменті аймақ тұрғындарын карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына сапарға шығудан уақытша бас тарта тұруды сұрайды.
Облыстың ішкі істер органдары қазір толықтай қызмет атқарудың ерекше тәртібіне көшті. Қостанай-Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы күре жолдың бойында патруль қызметі қойылып, тәртіп сақшылары жолаушыларға жұқпалы індетке қарсы ел ішінде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың мән-жайын түсіндіріп, аталған екі қалаға кіруге және шығуға тыйым салынғанын құлағдар етуде.
- Төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулер ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін қажет. Сондықтан полиция қызметкерлерінің талаптарына түсіністікпен қарауды сұраймыз, - дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Құрмет Мәжікенов.
Қостанай