• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Тағайындау 18 Наурыз, 2020

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі тағайындалды

1762 рет
көрсетілді

Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Жалағаш ауданында болып, активке ауданның жаңа әкімін таныстырды. Бұл лауазымға осыған дейін облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметін атқарған Асылбек Шәменов тағайындалды.

Асылбек Өмірбекұлы 1978 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм», Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» компаниясының менеджері ретінде бастап, әр жылдары облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, сондай-ақ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.

2012-2018 жылдары облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болды. Соңғы 2 жылда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.    

Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жаңа әкімнің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, аудан экономикасының дамуы мен әлеуетінің артуына күш салатынына сенім білдірді.