• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2020

Коронавирус: Қостанай облысында жағдай тұрақты

466 рет
көрсетілді

Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі Қостанай облысына Испания мен Германиядан келген 20 адамның «а» санаты бойынша ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда олар Тобыл қаласындағы провизорлық госпитальда жатыр. Жағдайлары - қанағаттанарлық. Ал Швейцариядан келген 1 адам «б» санаты бойынша үй карантинінде жатыр. Бұлардың барлығы да Қазақстан азаматтары.

Екінші санат бойынша 7 адамға тұрғылықты мекен жайынан шықпау, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармау, ешкіммен жақын сөйлеспеу жөнінде нұсқау берілген. Оларды дәрігерлер күн сайын қоңырау шалып,  14 күн бойы бақылауда ұстайтын болады. 

Короновирус індеті жайлаған шетелдерден келген адамдар Тобыл қаласындағы 695 жатынорындық провизорлық стационарға жатқызылады. Мұның сыртында, Қостанай қаласындағы облыстық аурухана мен Рудный қалалық ауруханасы жанынан қосымша инфекциялық стационарлар ашылды. 

«Дружба» шипажайы мен Меңдіқара ауданындағы Қарабаев атындағы оңалту орталығында да карантин қоры бар. 

Бүгінде Ресеймен шекаралас өңірлерде 8 санитарлық-карантиндік пункт жасақталған. Онда медициналық қызметкерлер, эпидемиологтар және шекара қызметтері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.  Өткен тәуліктің ішінде шекарадан жалпы саны 1141 адам өткен. Аймақта  жағдай тұрақты. Короновирус індетін жұқтырғандар жоқ. 

 

ҚОСТАНАЙ