• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2020

Қызылорда: Балалар есірткісіз ертең үшін

460 рет
көрсетілді

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі облыстық ведомствоаралық штаб пен облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының іс-шаралары жоспары аясында оқушылар арасында  «Мен  саған  есірткі  жайлы  айтып  беремін...» тақырыбында шығармашылық  сайыс ұйымдастырылды.

Жасөспірімдердің есірткінің зияны жайлы танымын кеңейтіп, оларды жаман әдеттен аулақ болуға үндеген сайыста қатысушылар эссе жазды.

Қырық үш шәкірт қатысқан сайыстың қорытындысында тапсырылған жұмыстарға талдау жасаған мамандар жасөспірімдердің адамзат үшін тажалға айналған  есірткінің зиянын талдауда көп ізденгендерін атап өтті.

Комиссия шешімімен қаладағы №23 мектеп-лицей оқушысы Әмина Жиынбаева (I орын), №176 орта мектептен қатысқан Бекзат Тасқынбай (II орын), №271 орта мектеп оқушысы Мәлика Абсатқызы (III орын) облыс жеңімпаздары атанды.

Тағы 10 оқушы аймақтық сайыс үздіктері болып танылды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.