• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Президент 18 Наурыз, 2020

Президент Әкімшілігінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы күреске біркүндік жалақысын аударды

382 рет
көрсетілді

Президент Әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақысын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударуға шешім қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

- Аударылған қаражат елорда мен Алматы қалаларының пандемия салдарын өз бастарынан өткерген тұрғындарға беріледі. Сонымен қатар жиналған қаржы коронавирусқа қарсы күреске атсалысып жатқан медицина қызметкерлерін ынталандыруға да жұмсалады. Бұл қаражаттың бір бөлігін жұқпалы аурулар ауруханаларын қолдауға, маскалар мен басқа да қажетті қорғаныш құралдарын сатып алуға жұмсау жоспарлануда. Бұдан бөлек балалар үйлеріне де көмек көрсетіледі, - деп жазды Берік Уәли.