• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан мен Алматы стансаларында пойыздардың жүруі тоқтатылады

2458 рет
көрсетілді

Мемлекеттік комиссияның шешімімен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан тұрғындар мен қонақтарының биылғы жылдың 22 наурызы 00.00 сағатқа дейін кіруіне немесе шығуына рұқсат берілді. Бұл туралы ​ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылдың 22 наурызы 00.00 сағаттан кейін кесте бойынша еліміздің өзге өңірлерінен келуі жоспарланған пойыздар бағыты тоқтатылатын болады. Аталған пойыздарға билеттер сатылмайды.

Сондай-ақ  2020 жылдың 22 наурызы 00.00 сағаттан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары стансаларында жолаушыларды отырғызу мен түсіруге тыйым салынады.  

​Аталған қалалар арқылы транзиттік пойыздардың тоқтамай өтуі барынша қамтамасыз етіледі.

Карантин режимі біткенге дейін Нұр – Сұлтан мен Алматы қалаларынан қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтайды.