• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Парламент 19 Наурыз, 2020

Бір күндік еңбекақыларын аударды

174 рет
көрсетілді

Мәжілісмендер бір күндік еңбекақыларын коронавирусқа қарсы күреске аударды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Палата Спикері Нұрлан Нығ­ма­ту­линнің төрағалығымен Мә­жіліс бюросының шешімі бойын­ша депутаттар және аппарат қыз­меткерлерінің бір күндік еңбек­ақысын коронавирус инфекциясына қар­сы күреске бағыттау туралы қаулы қабылданды. Қаржы карантин ен­гізілген Нұр-Сұлтан және Алма­ты қалаларында COVID-19 корона­вирус эпидемиясымен кү­рес­ке қажетті іс-шараларды жүзеге асыруға арналады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығ­матулин атап өткендей, ел басшы­лығы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауқымды шараларды қолға алуда.

Осындай қиын-қыстау кезеңде барлық қазақстандықтар ортақ мақ­сат жолында күш біріктіруіміз керек.

* * *

Пандемия төңірегіндегі ахуал халықты біріктірді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қызметкерлері шетте қалмай коронавирусқа қарсы күресу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне өздерінің бір күндік жалақыларын аударды, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.