• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Наурыз, 2020

Қос қалаға кіру мен шығуды шектеу туралы

278 рет
көрсетілді

Бүгін, яғни 19 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап енгізілетін Нұр-Сұлтан және Алматы қала­ла­­рының аумағына адам­дардың кіруін/шығуын шектеу келесі санаттағы тұлғалар үшін қол­да­ныл­май­ды: 

- бұған дейін қаладан шығып кеткен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұр­ғын­дары қалаға оралған жағдайда;

- бұған дейін қалаға кірген басқа өңірлердің тұрғындары қаладан шыға­тын болса;

- бұған дейін шетелдерге шығып кеткен ҚР азаматтары (олар Қазақстан Республикасына оралған жағдайда);

- бұған дейін елден шығу үшін ҚР аумағына кірген және елден шығып кету мақсатында әуе көлігімен шығатын шетел­дік­терге;

- шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұл­­ға­лар), Қазақстан Республикасында тұ­ру­ға ық­тияр­­хаты бар тұлғаларға;

- бұған дейін шетел мем­лекетінің аумағына шығып кеткен ҚР азаматтары Қазақстан Рес­публикасына оралған жағ­дай­да;

- емделу үшін шетелге шыға­тын ҚР азамат­тарына, олардың денсаулық сақтау меке­мелерінің растаушы құжат­та­ры болған жағ­дайда;

- елдің және шетел мем­ле­­кет­­терінің дип­ло­матиялық қыз­метінің персоналы және олар­­­дың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстанға ҚР Сырт­қы істер министрлігінің ша­қы­руы бойынша ба­ғыт алған шетел мем­лекет­терінің және халы­қаралық ұйымдардың деле­гация мүшелеріне;

- пойыз және локоматив брига­да­ларының мүшелеріне, сондай-ақ темір­ жол тасымалы процесіне қатысатын тұл­ға­ларға, әуе, теңіз көліктерінің экипажына, халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүк автокөлігі құралдарының жүргізушілеріне;

- Қазақстан Республикасы азамат­та­ры­ның отбасы мүшелері болып саналатын шетелдіктерге (туыстық байланыс фактісі – ері (зайыбы), олардың ата-ана­лары мен балалары екені расталған жағ­дайда);

- Нұр-Сұлтан және Алматы қала­ла­рында жұмыс істейтін, қала маңы аумақ­та­рында тұра­тын тұрғындарға;

- әуе және темір жол транзиті қаты­­на­сымен жүрген Қазақстан Ре­с­­пуб­ли­ка­сы­ның азаматтары­на;

- басқа да ерекше жағ­дай­ларда, мұн­дай жағдайлар COVID-19-бен күресу жө­ніндегі қа­ла­лық штабтарда дербес тәр­тіпте қаралады.