• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Түркістан: Емдеу мекемелері сақтық шараларын күшейтуде

238 рет
көрсетілді

Түркістан облысындағы барлық ауруханаларда коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары күшейтілді. Емдеу мекемелері жаппай карантинге көшті.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков пен Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Гүлбану Сыздықова әлемді дүрліктірген пандемияға қатысты сақтық шаралары туралы мәлімдеді. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты барлық ауруханаларда науқастарға келушілердің ішке кіруіне рұқсат жоқ. Ал, емханалар өз жұмыс кестелеріне сәйкес қызмет көрсетуде. «Кентау қалалық ауруханасында науқастарды оқшаулауға арналған 50 төсек - орын бар. Медицина қызметкерлерінің барлығы дерлік арнайы дәріс алған. Бүгінде ауруханада 75 дәрігер, 240 орта буын және 150 кіші буын медициналық қызметкерлері жұмыс істеуде. Қажеттілік туындаса резервтегі дәрігерлер жұмылдырылады», - деді Кентау қалалық аурухананың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы.

Ал, Жанболат Бердібайұлы COVID-19 инфекциясымен күреске Түркістан қалалық ауруханасында 60 дәрігер және 150 орта буын медициналық қызметкерлері дайын екенін атап өтті. Инфекциялық стационарда 50 төсек - орын жасақталған. Сондай-ақ, аурухана вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін, қарқынды терапия үшін қажетті препараттар қорымен, қорғаныс киімдері, дезинфекциялық заттармен қамтамасыз етілген.

Түркістан облысы