• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Маңғыстау: Ірі компаниялар онлайн жұмысқа көшірілді

377 рет
көрсетілді

Сонымен қатар Маңғыстауға шетелдік жұмысшылардың келуіне тыйым салынды. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының инвестиция және туризмді дамыту басқарма басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадіров хабарлады. 

Маңғыстау облысы аумағында өнеркәсіп саласында 40-тан астам ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «КазАзот» АҚ, «Бұрғылау» ЖШС, «Oil Services Company» ЖШС және т.б.  кәсіпорын басшылары осындай ұйғарымға келген.

Енгізілген төтенше жағдайға байланысты өңірдің ірі кәсіпорындары коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында барлық жиналыстарды телефон және бейнеконференция байланысы арқылы өткізуге көшті.Кәсіпорын қызметкерлері жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы пайдаланылмаған күндерімен еңбек демалысына жіберіліп жатыр. Сондай-ақ, барлық мәдени-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылып, кәсіпорындарда жедел штаб отырыстары күн сайын өткізіледі.

 

 

Маңғыстау облысы