• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика 23 Мамыр, 2026

Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді

Бес күннен кейін Астана  Еуразиялық экономикалық интеграцияның, цифрландырудың және технологиялық дамудың болашағын талқылаудың орталық алаңына айналады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басын қосатын іскерлік  форумы 28-29 мамырда ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Форумның басты тақырыбы – «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕЭО: Жасанды интеллектке иек арту».

Жиынның басты оқиғасы ЕЭО мемлекеттерінің көшбасшылары мен Халықаралық делегациялар басшыларының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс болмақ.

Форумға 1250-ге жуық кәсіпкер, Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен бақылаушы мемлекеттердің 350-ден астам мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық ұйымдардың 130-дан астам өкілдері, сондай-ақ АҚШ, Қытай, Әзірбайжан, Вьетнам, Египет, Моңғолия, Түрікменстан, Тәжікстан және басқа да елдерден 70-ке жуық делегаттар қатысады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар