Алматы қаласында карантин режимінің енгізілуіне байланысты коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары қабылдануда. Осылайша 2020 жылдың 19 наурызынан бастап Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстары бағыттары бойынша қатынайтын 49 қалааралық маршрутқа шектеу қойылды. Негізі бұл бағыттар бойынша күн сайын 92 автобус шығатын.
Сондай-ақ, қала маңындағы аймақтардан келетін тұрақты 63 қалалық және қала маңындағы бағыттарға (759 жылжымалы бірлік) шектеу қойылды.
Соның ішінде:
* №10 – «Райымбек батыр метростансасы – Боралдай әуежайы»;
* №11 – «Думан» ықшамауданы – Абай саяжайы (Абай кенті)»;
* №54 – «Крылов көшесі – Тұздыбастау кенті»;
* №23 – «Бесағаш кенті – Қырғауылды кенті»;
* №78 – «Саяхат» автобекеті – Жалпақсай кенті»;
* №117 – «Саяхат» автобекеті – «Алатау» ықшамауданы (Ядролық физика институты)»;
* №202 – «Сайран» автобекеті – Қаскелең қаласы»;
* №203 – «Райымбек метростансасы – Талғар қаласы»;
* №204 – «Қонаев көшесі – Белбұлақ кенті»;
* №207 – «Райымбек метростансасы – Талғар қаласы»;
* №209 – «Спорт сарайы – «Пионер» тау курорты»;
* №210 – «Спорт сарайы – «Ой-қарағай» тау курорты»;
* №212 – «Гагарин-Төле би көшелері – Жандосов кенті»;
* №215 – «Алматы-1 теміржол вокзалы – Ынтымақ кенті»;
* №220 – «Райымбек метростансасы – Жетіген кенті»;
* №221 – «Райымбек метростансасы – Кіші Байсерке ауылы»;
* №226 – «Жандосов-Яссауи көшелері – Жаңатұрмыс кенті»;
* №441 – «Еркін кенті – Алтын Орда базары»;
* №404 – «Қызыл ту кенті – Қалдаяқов көшесі»;
* №403 – «КазЦик кенті – Алматы-1 теміржол вокзалы»;
* №405 – «Жәпек батыр кенті – Алматы-1 теміржол вокзалы»;
* №407 – «Адем» СҮ – Байсерке кенті»;
* №408 – «Алматы-1 теміржол вокзалы – Әли кенті»;
* №410 – «Саяхат» автобекеті – Қайназаров кенті»;
* №411 – «Барлық» базары – Жомарт кенті»;
* №412 – «Адем» СҮ – «Батыр кенті»;
* №413 – «Саяхат» автобекеті – Междуреченск кенті»;
* №416 – «Дмитриевка кенті – «Саяхат» автобекеті»;
* №418 – «Айғаным кенті – Қазбек би-Қайырбеков көшелері»;
* №420 – «Саяхат» автобекеті – Есік кенті»;
* №421 – «Водник» шағынауданы – «Сәлем» автобекеті»;
* №422 – «Көкқайнар кенті – «Алматы-1 теміржол вокзалы»;
* №423 – «Комсомол кенті – «Саяхат» автобекеті»;
* №425 – «Саяхат» автобекеті – «Самал» саяжайлары Талғар ауданы»;
* №426 – «Шамалған» саяжайлары – «Алматы-1 теміржол вокзалы»;
* №427 – «Шамалған» саяжайлары – «Сайран» автобекеті»;
* №429 – «Қаскелең қаласы – Гагарин даңғылы»;
* №430 – «Тұрар» саяжайлары – «Сайран» автобекеті»;
* №431 – «Жауғашты ауылы – «Алматы-1 теміржол вокзалы»;
* №432 – «Қосөзен ауылы – «Саяхат» автобекеті»;
* №433 – «Қараой ауылы – «Саяхат» автобекеті»;
* №434 – «Ташкентсаз ауылы – «Саяхат» автобекеті»;
* №435 – «Базаркелді ауылы – «Саяхат» автобекеті»;
* №436 – «Өстемір ауыл – «Саяхат» автобекеті»;
* №437 – «Қайнар кенті Талғар ауданы – «Саяхат» автобекеті»;
* №439 – «Жаңаталап кенті Іле ауданы – Жаңадәуір ауылы – «Алматы-1 теміржол вокзалы»;
* №440 – «Есік қаласы – Талғар қаласы – «Саяхат» автобекеті»;
* №441 – «Алтын Орда» базары – Еркін кенті»;
* №448 – «Қаскелең қаласы – «Сәлем» автобекеті»;
* №450 – «Алмабалық ауылы – «Сайран» автобекеті»;
* №451 – «Үшқоңыр ауылы – «Сайран» автобекеті»;
* №453 – «Қайнар ауылы – «Сайран» автобекеті»;
* №454 – «Бекболат Әшекеев ауылы – «Сайран» автобекеті»;
* №455 – «Еңбекші ауылы – «Сайран» автобекеті»;
* №456 – «Қаскелең қаласы – «Алматы-1 теміржол вокзалы»;
* №457 – «Барыс» автобазары – Қаскелең қаласы – «Сайран» автобекеті»;
* №458 – «Батан ауылы – «Сәлем» автобекеті»;
* №459 – «Қаскелең қаласы – «Сайран» автобекеті»;
* №460 – «Шамалған станциясы – «Сәлем» автобекеті»;
* №461 – «Жандосов кенті – Үшқоңыр ауылы – «Сайран» автобекеті»;
* №461э – «Үшқоңыр ауылы – «Сайран» автобекеті»;
* №463 – «Ақши ауылы – Өтеген батыр кенті – «Саяхат» автобекеті»;
* №464 – «Ақши ауылы – «Сайран» автобекеті»;
Қаладан тыс жерлерге (қала маңына) қатынайтын 6 тұрақты қалалық маршруттың схемасына қолданыстағы тәртіпке сәйкес өзгерістер енгізілді.
Қалалық бағыттар:
* №14 – «Дария» ықшамауданы – «Асыл Арман» ықшамауданы «Барлық» базарына дейін қысқартылды;
* №16 – «Мәдениет және демалыс саябағы – «Асыл Арман» ықшамауданы» «Барлық» базарына дейін қысқартылды;
* №52 – «Северное кольцо/Жұмабаев көшелері – Қырғауылды ауылы» Ақжар кентіне дейін қысқартылды;
* №115 – «БАК – №184 мектеп» «Мөңке би/Оңғарсынова көшелеріне дейін қысқартылды;
* №124 – «Горный гигант» ықшамауданы – «Водник-2» ықшамауданы» Красный трудовик кентіне дейін қысқартылды;
* №125 – «Солнечная көшесі – «Армада» ТК» солтүстік айналым арқылы «Көкжиек» ықшамауданына дейін қысқартылды;
* №208 – «Алматы-2 теміржол вокзалы – Қоянқұс кенті» Есім хан көшесіне дейін (Мәдениет үйі) қысқартылды.
Алматы – Ұзынағаш бағыты бойынша әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыты да уақытша тоқтатылғаны хабарланды.
Жаңа өзгерістер болған жағдайда, тағы да қосымша ақпарат беріледі.
АЛМАТЫ