• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Қостанай облысы: жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды

524 рет
көрсетілді

WhatsApp мессенджерінде Қостанай облысының Қарабалық және Денисов аудандарында коронавирус індетін жұқтырғандар тіркелгені туралы жалған ақпарат таратылды. Ресми органдар бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады.

Аймақта коронавирус індетін жұқтырғандар жоқ. Сондықтан тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті азаматтарға арандатушылыққа жол бермеуді, тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.

Облыстық  ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 36 жастағы Қарабалық ауданының тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлімі бойынша «бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып көрінеу жалған ақпаратты тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Күдікті өзінің отбасы Германиядан келісімен олардың Қарабалық ауданының  ауруханасына жатқызылғаны туралы ақпарат таратқан. Тергеу барысында оның отбасының Германияға бармағаны, қазіргі уақытта барлығының төрт көзі түгел  аман-сау екені анықталған.

      -  Жалған ақпарат таратқандарға заң бойынша үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Тіпті, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасы қолданылуы мүмкін, - деді Қарабалық ауданының полиция бөлімінің бастығы Нұржан Ахметов.

Коронавирус туралы жалған ақпарат тарату дерегі Денисов ауданында да тіркелегн. Бұл іс қазір сотқа дейінгі өндірісте қаралып жатыр.

Қостанай