• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Қызылорда: Төтенше жағдай режимін бұзған 4 дәмхана иесіне әкімшілік хаттама толтырылды

486 рет
көрсетілді

Ел аумағында жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты Полиция департаменттерінің жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген тәртібіне көшті.

Департамент қызметкерлерінен құрылған мобильді топ  түнгі рейд барысында облыс аумағындағы 100-ге жуық дәмхана, мейрамханаларды тексерді. Оның барысында 4 дәмхана иесінің енгізілген төтенше жағдай режимін сақтамағаны анықталып отыр. 

Соған сәйкес, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.