Министрліктің арнайы өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, вирус жұқтырғандар 25-52 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары.
Барлығы бұрын анықталған науқастармен тікелей байланыста болған. Қазір олар стационарда ем алып жатыр, жағдайы жақсы.
Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, жалпы 44 науқас тіркелді.