• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Қызылорда: Еріктілер тегін бетперде таратты

250 рет
көрсетілді

Қармақшы аудандық пробация қызметінде вирустық инфекцияның таралуын тежейтін біршама жұмыс атқарылып жатыр. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Аудандағы жастардың қоғамдық бірлестігі құрамындағы волонтерлер пробация есебіндегі азаматтарға коронавирустық инфекциясынан қорғанудың шаралары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тегін медициналық  маскалар таратты. 

    - Қазір аудандық пробация қызметі есебінде 38 азамат тұр. Олардың арасында әлеуметтік жағдайы төмендер де бар. Сол азаматтарға медициналық маскалар таратқан белсенді волонтерларға алғыс  айтамыз, - деді аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Ержан Әбілдаев.