• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Наурыз, 2020

Волейболшылар маусымды қорытындылады

234 рет
көрсетілді

Қазақстан волейбол федерациясы әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың қорытындысын шығарып, өткен маусымның ең үздік ойыншыларын анықтады.

Сонымен, Талдықорғанның «Жетісуі» ел чемпинатының ең үздік командасы деп танылды. Алматы облысының өкілдері 68 ұпай жиды. Екінші орынды иелеген Өскеменнің «Алтайы» басты қарсыласынан алты ұпай кем жиды. Үшінші сатыға «Ертіс-Қазхром» табан тіреді. Павлодарлық волейболшылар 50 ұпайды қоржынға салды. Одан кейінгі орындарға мына командалар жайғасты: 4 .«Қуаныш» (Солтүстік Қазақстан облысы) – 40 ұпай, 5. «Алматы» – 38 ұпай, 6. «Астана» (Нұр-Сұлтан) – 16 ұпай, 7. «Алтай-2» (Өскемен) – 10 ұпай және 8. «Қарағанды» – 4 ұпай.

Түрлі аталмыдар бойынша А. Сафронова, К. Аниконова, С. Анарқұлова, Т. Серік, К. Белова, Т. Фендрикова, Н. Акилова, Й.П. Мендоса сынды волейболшылар үздік деп танылды.