Алматының Бас санитарлық дәрігері санаторийлерде демалып жатқандарды тұрғылықты жерлеріне жіберу туралы бұйрық шығарды.
Алматы қаласында коронавирус инфекциясын таратуға жол бермеу жөніндегі өңірлік штабтың шешімі бойынша Алматы қаласының Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері міндетін атқарушының қаулысымен ағымдағы жылдың 17 наурызында санитарлық-курорттық және сауықтыру мекемелерінің басшыларына осыған қатысты бұйрық берілді.
Хабарламада Алматы қаласы тұрғындарының арасында COVID-2019 инфекциясының тарау қаупіне жол бермеу және ҚР Президентінің «Төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығы аясында санитарлық-курорттық және сауықтыру мекемелерінің басшылары барлық демалушыларды тұрғылықты жерлеріне жіберулері тиіс екендігі айтылған.
Қалада коронавирус жұқтыру ошақтары бар. Алматы қаласында коронавирус инфекциясының тарауына және жұқпалы дерттің өзге аймақтарға тарауына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 19 наурызында қалаға карантин енгізілді. Сырттан келген барлық демалушылар мегаполис аумағынан шығулары тиіс.
Жалпы коронавирус инфекциясының тауарына жол бермеу үшін жеке профилактиканы қатаң сақтаған жөн:
- қолды жиі жуу және антисептикті қолдану. Қолды әрбір жарты сағат сайын 20 секунд бойына сабынмен жуу қажет. Егер жақын маңда қолжуғыш, сабын болмаса, онда микробты өлтіретін қарапайым антисептикті пайдалану қажет;
- бөлмені жиі желдеткен жөн;
- қоғамдық орындарға баруды шектеу қажет;
- қолалысудан және жақын байланыстан аулақ болған жөн;
- иммунитетті күшейту керек;
- ЖРВИ немесе тұмаға қатысты белгілер байқалса, жайсыздық сезілсе, құрғақ жөтел пайда болса, онда дереу емханадан дәрігерді немесе «жедел жәрдемді» шақыру қажет. Бұдан өзге, адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған жөн, қажет болмаса сыртқа шықпаған және қоғамдық көлікті пайдаланбаған дұрыс.
Анықтама алу үшін 1406 нөмірі арқылы тәулік бойына жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласу қажет.
АЛМАТЫ