• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Наурыз, 2020

Елордада қант, күріш сынды тауарлар бір адамға 5 кг-ға дейін сатылады - Ерлан Бекмырзаев

107 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев  азық-түлік пен  қажетті тауарларды сататын объектілерден басқа барлық ірі сауда орындарының жабылғанын мәлімдеді.

Ерлан Бекмырзаев карантин кезінде жұмыс істейтін нысандардың қалыпты режимде жұмыс істеуі барысында орындауы тиіс талаптарды атады. 

Олар:

Қалыпты режимде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;  Санитарлық және дезинфекция шараларын күшейту (тепловзорларды пайдалану, маскалардың болуы, тазартқыш қондырғылар). Кезекте тұрған сатып алушылардың арасында 1 метр қашықтықты қамтамасыз ету. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен негізгі қажетті тауарларға  бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. Азық-түлік  тауарларының оның ішінде көкөністер мен жемістерден басқа,  сусымалы тауарлар (қант, күріш, қарақұмық)  мен кептірілген жеміс-жидектерді қапталған күйінде сату. Қант, күріш, қарақұмық сынды тауарларды сатуды бір қолға 5 кг-ға дейін, күнбағыс майын - 5 литрге дейін шектеуі тиіс.