• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Наурыз, 2020

Елордада құрылыс мекемелері мен мердігер ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді

346 рет
көрсетілді

19 наурыз сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин енгізілуіне байланысты елордалық Құрылыс басқармасы барлық құрылыс-монтаж жұмыстарының жалғасатындығын мәлімдеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Қаладағы барлық құрылыс-монтаж жұмыстарының жалғасатындығын хабарлаймыз. Сондықтан барлықтарыңызды санитарлық-гигиеналық сақтық шараларын сақтап, сабыр танытуға  шақырамыз, - деді қалалық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нүркен Төлендиев.

Хабарламаға сәйкес құрылыс нысандарында келесідей қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн:

Әрбір қызметкерге карантин жөнінде ақпарат беру. Құрылыс нысандарындағы жеке құрамды гигиеналық құралдармен, атап айтқанда медициналық бетперде, антисептикалық құралдармен және басқа дезинфекциялық жабдықтармен қамтамасыз ету. Қызметкерлердің денсаулығын үнемі тексерістен өткізіп, COVID -19 вирустарына тән симптомдар анықталған жағдайда, тиісті органдарға (103, 1406 нөмірлері арқылы) хабарлау. Бір бөлмеде адамдардың шоғырлануына шектеу қою. Құрылыс аумағын дербес аймақтарға бөлу. Құрылысшыларды тұрақты мекен жайынан құрылыс нысанына және кері қайту бағыттарын бекітіп, тұрақты тасымалдау жүйесін ұйымдастыру. Басқа өңірлерден келген және карантинге алынған аймақтан тыс жерде тұратын қызметкерлерді барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес тұрғылықты жермен қамтамасыз ету. Құрылыс нысандарына бөгде адамдардың кіруіне тиым салып, қауіпсіздік шараларын күшейту.

Құрылыс басқармасы карантиндік іс-шараларға байланысты  талаптар өзгертілген  жағдайда  қосымша хабарлайды.