Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі мейрамханалардың жұмысы уақытша тоқтатылып, белгіленген отбасылық шаралар кейінге шегерілген болатын. Осыған орай, тойханаларға Ақтау қалалық әкімдігінің қызметкерлерімен рейд ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Егер қандай да бір той, шара болып жатқаны анықталса, ҚР Әкімшілік кодексінің 476 бабы бойынша мейрамхана иесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 15 күнге бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалу мүмкін, ал егер мейрамханада болған адамнан инфекция табылса, мейрамхана иесіне 2 мың АЕК немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалу мүмкін», - дейді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Әсет Өтеғалиев.
Айта кетейік, қазіргі таңда Ақтау қаласы аумағында 41 мейрамхана бар. Рейд нәтижесінде барлығының жабық тұрғаны анықталды.
Маңғыстау облысы