• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Рудныйда төтенше жағдай тәртібін бұзған дәмхана иесі жауапқа тартылды (видео)

202 рет
көрсетілді

Коронавирус пандемиясының таралуына байланысты ел аумағында енгізілген ТЖ режімі бойынша облыстағы ойын-сауық, дәмхана мекемелерінің барлығы кешкі 22.00-ге дейін жұмысын тоқтатып, есіктерін құлыптауы керек. Тәртіпке бағындағандар заңмен жазаланатыны алдын-ала ескертілген. Алайда елдегі аһуалға салғырт қарап, талапқа құлақ аспайтындар бар.

Мәселен, кеше ТЖ режімінің сақталуын қадағалап жүрген тәртіп сақшылары кеншілер қаласындағы «Қуаныш» кафесінің белгіленген шектен тыс уақытта жұмыс істеп жатқанын анықтаған. Кафеде сағат 22.00-ден кейін 20-дан астам адам болған.

Қазір 31 жастағы кафе иесі ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бап санкциясы 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл немесе 15 тәулік мерзімге қамауға алуды көздейді, - деп хабарлады Рудный қалалық ІІБ-нің баспасөз қызметі.

Қостанай облысы