• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Ақтауда 15 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

995 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтардың төленбеген айыппұлдарын өндіру мақсатында іс-шара өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараның мақсаты – салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу, құқықбұзушылық пен қылмыстардың жедел алдын алу, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылықтар, соның ішінде қоғамдық орындарда темекі шегу, тыныштықты бұзу, абаттандыру ережелерін бұзуды алдын алу. Айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттігі, айыппұлдарды ерікті төлеу мерзімінің өтуі жағдайында ықтимал салдары, сондай-ақ оларды төлеу тәсілдері туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Телефонмен сөйлесу кезінде көптеген жүргізушілер жол ережесін бұзады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 591 бабы (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) бойынша  тек 2020 жылдың 2,5 айдың ішінде 2700 заң бұзушылық, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 3293 заң бұзушылық анықталды.

«Нөлдік төзбеушілі» қағидасын іске асыра отырып, полиция қызметкерлері облыс және қала тұрғындарын әр түрлі тәртіпсіздіктер мен құқық бұзушылықтарға төзбеуге шақырады, егер құқық бұзушылық жасалса, мысалы, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішетін болса, балаларды кешкі уақытта ересектердің қарауынсыз көрсе немесе көрші көшеде қоқыс салынған пакетті жол ортасына тастап кетсе ескерту жасау керек немесе полицияны шақыру қажет.

 

 

Маңғыстау облысы