• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Наурыз, 2020

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолғы сынақты да ел болып еңсеретінімізге сенім білдірді

220 рет
көрсетілді

Біздің бірлігіміз – қазіргі қиындықты еңсерудің кепілі. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұдан да күрделі кезеңдерді бастан өткердік. Бұл туралы Тұңғыш Президент - Елбасы халыққа арнаған үндеуінде айтты. 

«Барлық ауыртпалықты жеңіп, әрдайым ортақ Отанымыздың гүл­денуі жолында еңбек етіп келе­міз. Осы жолғы сынақты да ел болып еңсереміз деп сенемін.

Қазақстанның жолы қиын­дық­сыз болмайтынын мен тәуел­сіздіктің бастапқы кезінде-ақ білгенмін. Бұл ретте тарих пен уақыт біздің жоспарымызға өзгерістерін енгізетінін ескерген едім» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы жайма шуақ кездердің өзінде де біз алдымыздан шығуы мүмкін сын-қатерлерге дайындалып, алмағайып уақыттарда қажет болатын резерв қалыптастырғанымызды еске салды.