• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2020

Қызылорда: Нұротандықтар «BIZBIRGEMIZ» акциясына үлес қосуда

153 рет
көрсетілді

Қызылордада Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына орай Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге бағытталған «BIZBIRGEMIZ» атты акцияға орай қайырымдылық шарасы басталды. 

Акцияға Jas Otan жастар қанатының еріктілерінен жасақталған шағын топтар, кәсіпкерлер өз үлестерін қосты. Жалпы шара аясында өңірдегі  1150-ге жуық тұрғынға қолдау көрсетілмек.

Жалпы, атап өту керек, партия Төрағасының тапсырмасына орай, партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» жобалары аясында жоғарыда аталған қалалардағы ағайынға атаулы көмек көрсету үшін 150  млн теңге бағытталды, Сонымен қатар партияның орталық аппараты мен барлық филиал қызметкерлері қосымша көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын аударды.

Коронавирустың таралуына жол бермеуге бағытталған шектеу шараларын енгізуге байланысты азаматтарды жеке қабылдау жұмыстары уақытша тоқтады. Бүгінде азаматтарды қабылдау жұмыстары Сall-орталықтар мен партияның онлайн-сервистері қызметі арқылы жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар