• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2020

Қостанай әуежайына Мысырдан келген ұшақ қонды

314 рет
көрсетілді

Бүгін Қостанай әуежайына «Шарм-эль-Шейх – Қостанай» бағытындағы ұшақ келіп қонды. Әуе жолаушыларын полиция қызметкерлері мен эпидемиолог дәрігер мамандар қарсы алды.

Бортта барлығы 237 жолаушы және 7 экипаж мүшесі бар. Оның 152-сі Ресей Федерациясының азаматтары.  Сондай-ақ 1 Украин азаматы бар. Қалғаны – қазақстандықтар.  Медициналық тексерістен өткен соң, полиция шетелдік азаматтарды Ресей шекарасына дейін шығарып салды.

Мамандардың айтуынша, барлық жолаушының жағдайы - қанағаттанарлық. Қостанай облысының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз-қызметінің мәліметінше, қазір облыста 39 адам ауруханада, 24 адам карантинде  жатыр. Індет жұқтырғандар тіркелген жоқ.

Қостанай