Бүгін Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа елде 359 адам індет жұқтырғанын мәлімдеді.
«Коронавирус жұқтырған 85 жастағы әйел көз жұмды. Өкінішке орай, Түркияда індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 4-ке жетті» деп жазды Фахреттин Коджа Twitter парақшасында.
Оның айтуынша, Түркияда соңғы тәулікте вирус жұқтырғандардың жаңа 168 жағдайы тіркелді. Ал бүгінге дейінгі жалпы саны 359 адамға жетті.