• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2020

Қызылорда: Бетперденің бар-жоғын телефон арқылы білуге болады

441 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өңір дәріханаларында медициналық бетперде мен респираторлардың бар-жоғына күн сайын мониторинг жүргізеді.

Қазір  медициналық бетперделер  «Чингиз», «Alexey Sultan-Akhmet», «Фармсервис» дәріхана желілерінде жеткілікті мөлшерде бар. Сондай-ақ, департамент аймақтағы бетперде тігетін кәсіпорындардың күнделікті өнімі мен бағасы жайлы дерек жинайды.

Облыс дәріханаларында бетперделердің бар-жоғына қатысты ақпаратты 23-82-92 нөміріне қоңырау шалып, департамент мамандарынан білуге болады.

Соңғы жаңалықтар