• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 20 Наурыз, 2020

Коронатерапия немесе павлодарлық кітапханашылар карантиндік уақытты тиімді өткізуді ұсынады

226 рет
көрсетілді

Орын алған жағдайға байланысты бүгінде қоғамдық жерлерге, әсіресе - ойын-сауық орталықтарына баруға тыйым салынуда. Көктемнің мамыражай күнінде үйде омалып отыру әрине қиын. Адамдар далада көбірек жүріп, бой жазып, киноға немесе басқа да қоғамдық орындарға барғысы келетіні түсінікті. Бірақ бұл жұқпалы ауру кезінде адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Сақ болған жөн.  

«Сіздер бұл күндері кітапханаға бармай-ақ үйде отырып, қашықтықтан кітап оқи аласыздар. Ол үшін біз сіздерге арнайы сілтемелер ұсынатын боламыз. Ғаламтордан сілтемеге кіру арқылы кітапхананың электронды ресурсын пайдалануға толықтай мүмкіндік қарастырылған. Ғаламторды қолданатын оқырмандарымызға кітапхананың ресми сайтындағы жергілікті авторлардың еңбектерін оқуға кеңес береміз. Осылайша сіз карантиндік уақытыңызды тиімді пайдалана аласыз. Қысқасы үйде отырып-ақ қалаған кітабыңызды оқуға мүмкіндік береміз. Бұл сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпсіз. Сонымен қатар жолға уақыт шығындамайсыз. Ал ауыл кітапханашылары елді мекен тұрғындарынан алдын ала тапсырыс қабылдап, кітаптарды оқырмандардың үйіне дейін жеткізетін болады», дейді С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының қоғаммен байланыс менеджері Алпысбай Хонж.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ресми сайтындағы ресурстармен шектеліп қалмай өзге де кітапханалардың мол мұрағатымен таныса аласыздар.

«Мәселен, үйде отырып-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасының ресми сайтына кіріп, таңдаулы туындыларды оқи аласыз.  Ол үшін аталған кітапхана сайтындағы "Қорлар" нұсқауына кіріп, "электронды кітапханаларды" таңдайсыз. Бұдан соң "Қазақстанның қазіргі заманғы әдебиеті" электрондық кітапханасын басыңыз. Енді "Қазақ классикалық әдебиеті" бөлімінен өзіңіз қалаған авторлардың таңдаулы шығармаларын оқи аласыз. Бұл жерде М.Әуезовтың "Абай жолын", Ж.Аймауытовтың "Ақбілегін", Ы.Алтынсариннің, Д. Әбілевтің, А.Байтұрсыновтың, Е.Бекеновтың тағы да басқа авторлардың бірнеше тілге аударылған қайталанбас шығармаларын оқи аласыздар. Құрметті оқырман біз қашан да сіздермен біргеміз!», деді А.Хонж.