Елдегі төтенше жағдайға байланысты бүгіннен бастап «Қызылорда – Павлодар» тасжолының 13-шақырымы мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық күре жолының Жаңақорған ауданы аумағында бақылау бекеттері орнатылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бақылау бекеттерінде полиция қызметкерлерімен қатар медицина мамандары да болады. Олар әрбір жолаушыны тексеріп өткізеді. Бекеттердегі полицейлер кез келген жағдайда жедел әрекет етуге дайын.