• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2020

Қостанай облысында «BizBirgemiz!» республикалық акциясы басталды

315 рет
көрсетілді

«Nur Otan» партиясының мүшелері бүкіл аймақта азық-түлік пакеттерін, дәрі-дәрмек, дезинфекциялық және жеке қорғаныш құралдарын тарата бастады.

- Партия мен «Jas Otan» еріктілері құрған мобильді топтар қаладағы жалғыз басты қарттарға, аз қамтылған, тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарға алдыңғы кезекте қажет тауарларды, медициналық маскалар мен антисептик құралдарын контактісіз  тарату жолымен жеткізіп беріп жатыр - деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев.

Бүгін 50 отбасыға көмек көрсетілді. Бұл бағытта жұмыс төтенше жағдай аяқталғанша жалғасатын болады.

 Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар