• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2020

Маңғыстау облысының полиция басшысы тұрғындарға үндеу жасады

569 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек Төлеубекұлы коронавирустың пандемиясы салдарынан Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған елдегі төтенше жағдай режимі бойынша маңғыстаулықтарға үндеу жасады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары, полиция департаментінің атынан Сізден төтенше жағдай режимін сақтауды сұраймын. Атап айтқанда - көпшілік іс-шаралар, мерекелер өткізуден бас тарту, қоғамдық орындарда топтасып жиналмау, полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне көмек көрсету! Мұның бәрі сіздің игілігіңіз бен денсаулығыңыз үшін. Дәрігерлер кеңестерін орындаңыз және симптомдар табылған жағдайда дереу медициналық мекемелерге хабарласыңыз!» деді Маңғыстаудың Бас полицейі өз үндеуінде.

 

Маңғыстау облысы