• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Наурыз, 2020

Ақтаудағы ірі сауда орталықтары тексерілді

308 рет
көрсетілді

Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі Ақтауда сақтық шаралары қауырт қолға алынды. Қала әкімінің орынбасары Серік Гусман бастаған штаб мүшелері, полиция басқармасы, санитарлық мамандары өңірдегі бірқатар нысандардың коронавирусқа қарсы дайындығына рейд жүргізді. Төтенше жағдай талаптарын орындау бойынша қаладағы сауда орталықтарын және тамақ өнімдерін сату дүкендері мен супермаркеттерге арнайы барды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олар аталған нысандарда уақытылы дезинфекциялануды, қол жуатын сусабын және тағы да басқа жеке антисептикалық заттардың болуы, кассада кезектің сақталуы сияқты жұмыстарды тексерді. Нысандарды аралау барысында халық көп шоғырланатын «Алатау» сауда үйіндегі супермаркетте бірқатар талаптардың орындалмағаны анықталды. Атап айтсақ, санитарлық тазалықтың сақталмауына байланысты ескерту берілді. Келесі жолы қайталанатын болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ал, «Ардагер» сауда үйіндегі тамақ дүкені мен «Дана» супермаркеті санитарлық талапқа сай жұмыс жасауда.

Жалпы, барлығына президенттің жарлығына сәйкес жасақталған Ақтау қаласы әкімдігінің ұсыным хаты таратылып, жұмыскерлер арасында түсіндірме жүргізілді.

Қалған сауда орталықтары уақытында 18.00-де жабылып, қойылған талаптарды орындауда. Тексеру жұмыстары әрі қарай жалғасын табады, аталған сауда нысандары бақылауда болады.

 

Маңғыстау облысы