• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Наурыз, 2020

Маңғыстауда күніне 25 мыңнан астам бетперде дайындалуда

110 рет
көрсетілді

Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен  брифингте МО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев мәлім етті.

Бүгінгі таңда төтенше жағдайда бизнесте кездескен қиыншылықтарды шешуде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан арнайы штаб құрылды. Онда келіп түскен сауалдардың 57% несиеге қатысты, ал бизнес нысандардың жабылуы туралы 17%, тауар өндірушілерді қаржылай қолдау 12% құрайды.

 - Бүгінде халықты бетпердемен қамту мәселесі өзекті. Сондықтан да бұрын бұл кәсіппен кәсіби түрде айналыспаған шеберханалар, тігіншілер толықтай бетперде тігуді қолға алды. Күніне Ақтауда - 5500, Жаңаөзенде 8 000, Бейнеу ауданында 2500, Қарақияда - 1 000, Маңғыстау ауданында 1500, Мұнайлы - 3 000, Түпқараған ауданында - 4 000-ға жуық бетперде тігіледі. Әлі де сұранысты өтеу үшін жұмыс істейміз. Маталар мен шикізаттарды жеткізіп, тасымалдау жолдарын әкімдікпен бірігіп шешіп отырмыз, - деді МО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасайұлы

Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 1432 нөмірлі call орталығы қоңырау қабылдаудап, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын өсірмеу туралы кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Алдағы уақытта кәсіпкерлердің несиелік, ғимараттарды жалға алу төлемдері, қызметкерлерге еңбекақы төлеу міндеттемелері бойынша мәселелер жеке-жеке қарастырылатын болады. Сондай-ақ, банктер несие төлеудегі қиындықтарға қатысты өтініш жазған кәсіпкерлерге 90 күндік мерзіммен жеңілдіктер қарастыруда.

 

Маңғыстау облысы