• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Коронавирус 21 Наурыз, 2020

Сыр ғалымдары антисептикалық сұйықтық ойлап тапты

598 рет
көрсетілді

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Химиялық зерттеулер және технологиялар институты ұжымы бактерияға қарсы антисептикалық сұйықтық әзірлеп шығарды.

Сұйықтықтың антисептикалық әсері кемінде 1 сағат сақталады. Медициналық маскаға сеуіп, кептіріп киюге де болады. Бұл туралы патент авторы, ғалым Нұрбол Аппазов Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

Нұрбол Аппазовтың айтуынша, сұйықтық бар-жоғы 10 күннің ішінде дайын болған. Осы күнге дейін институт ұжымы 20 литр антисептик сұйықтық дайындапты. Алдағы уақытта оның көлемін көбейтуді жоспарлап отыр. Әр құтының көлемі 30 миллилитр.