• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Наурыз, 2020

Қызылорда: Тазалық та, баға да бақылауда болады

185 рет
көрсетілді

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев азық-түлік бағаларының тұрақтылығын бақылау мақсатында базарлар мен сауда қатарларын аралады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан басшысы алдымен Әйтеке би кентіндегі «Ернұр» базарындағы сауда қатарларын аралады. Елдегі төтенше жағдайға байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін айтты. Мұнан соң жақында ғана жаңадан ашылған «Нұр» асханасында болып, кәсіпкерге санитарлық талаптардың қатаң сақталуын тапсырды.

Сондай-ақ, «Ырыс болашақ» базарындағы «Анель», «Айтоғжан» сауда қатарларындағы  көкөніс өнімдерінің бағасын білді. Сатушылар мен базар басшылығына санитарлық талаптарды қатаң сақтап, азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеу қажеттігін ескертті.

Қазір ауданда азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу бақылауда тұр. Осыған байланысты «Нұршуақ» автобекетінде жәрмеңке ұйымдастырылып, онда азық-түлік өнімдері базар нарқынан төмен бағада сатылды. Алдағы уақытта ауданнан облыстық тұрақтандыру қорымен бірлесіп әлеуметтік дүкен ашу қолға алынады.