Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісінше қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған Қазалыдағы мобильдік топ мүшелері мейрамханалар, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындарына түнгі рейдке шықты.
Мобильдік топ мүшелері 2 топқа бөлініп, Әйтеке би кентіндегі «Самұрық», «Бақдәулет», «Рич», «Колибри», «Жібек жолы», «505», «Азамат» кафелері мен «Наурыз» тойханасын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау бағытындағы жұмыстар аудан басшылығының тікелей бақылауында тұр.