Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері коронавирусқа қарсы қадам ретінде медициналық бетперде тігуді бастады. Бұл туралы ҚХА баспасөз қызметі хабарлайды.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына өңірдегі меценаттар, волонтерлер қолдау білдірді.
Облыстық ҚХА мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, волонтерлер, «Бітім» медиация орталығы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері күніне 500-ден астам медициналық бетперде тігіп, оны аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға тегін таратады.