• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Наурыз, 2020

Грузия мен Ресейден 180-ге жуық қазақстандық елге жеткізілді

175 рет
көрсетілді

180-ге жуық қазақстандық Грузия мен Ресейден елге жеткізілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Коронавирус пандемиясы тудырған әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты отандық әуе компаниялар Қазақстан азаматтарын қайтару рейстерін орындауда. Өткен тәулік ішінде азаматтық авиацияның әуе кемелерімен шет елдерде қалған жолаушыларды тасымалдау үшін бірқатар рейстер жасалды. Air Astana авиакомпаниясы Тбилисиден Алматыға 143 жолаушыны, Scat авиакомпаниясы Мәскеу қаласынан (Внуково) 35 жолаушыны, оның ішінде транзитпен келген қазақстандық туристерді елімізге алып келді», - делінген хабарда.