• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Наурыз, 2020

Ақтауда көппәтерлі тұрғын-үйлер дезинфекциялануда

126 рет
көрсетілді

Ақтау қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен жалпыға ортақ пайдалану орындары дезинфекциялануда. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында 1 мыңға жуық тұрғын-үйдің кіреберістеріне, есіктер, лифтілер, сүйеніштер, терезе жақтаулары және т. б. дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, балалардың ойын алаңдары да тазалануда.

Ақтау қалалық төтенше жағдайлар бойынша штаб мүшелері, полиция басқармасы, қалалық әкімдік қызметкерлерінің бірігуімен Ақтаудағы кафе, мейрамхана, кешке жиналатын орталықтарды күн сайын тексеруде.

3 күн нәтижесі бойынша 4 жұмыс тобымен 100-ден астам орындар тексеріліп, оның 20-сы 22:00-ден кейін (3 компьютер клубы, 17 дәмхана) ашық екені анықталды. 5 дәмхананың иесіне әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша хаттама толтырылып, ескерту берілді. Қалғандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Маңғыстау облысы