• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Президент 21 Наурыз, 2020

Президент Шұғыл әрекет ету орталығына барды

237 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барды. Бұл туралы Президент «Twitter» желісіндегі парақшасында жазды.

«Коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына бардым. Қысқа мерзімде құрылған Орталық қалыптасқан жағдайға мониторинг жасап, науқастарды анықтау және есепке алу үшін озық технологияны қолданады», - деді Қасым Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – халыққа шынайы ақпарат беру. Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желіде жалған мәліметтер таралып жатқан кезде бұл өте маңызды. Коронавирусқа қатысты барлық ресми ақпарат coronavirus2020.kz сайтында.