«Астана» футбол клубының қорғаушысы Жарко Томашевич Черногрияның ұлттық үйлестіру ұйымына 20 мың еуро көлемінде қаржы аударды.
Футболшы бұл қаржыны коронавирус падемиясына қарсы күреске бөлген. Сонымен қатар Томашевичтен бөлек, Черногорияның өзге де танымал ойыншылары аталған ұйымға ақша аударған. Атап айтар болсақ, Лука Джорджевич, Стефан Савич және Стеван Йоветич 150 мың еуро көлемінде қаржы бөлген.
Томашевич «Астана» клубында 2019 жылдың тамыз айынан бері ойнап келеді.