• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Наурыз, 2020

Карантин уақытында қала өмірі бойынша қайда хабарласуға болады

294 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында карантин енгізілуіне байланысты қалалық Жедел штаб құрылды, онда қалада мәселелерді жедел шешу үшін арнайы топтар жұмылдырылған. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

№ 5 топ «Қала тіршілігін қамтамасыз ету» мәселелері бойынша жұмыс жасайды, оның құрамына коммуналдық және мемлекеттік мекемелердің жауапты тұлғалары енді. Бұл топ қаладағы өзекті мәселелерді дереу шешуге атсалысып, түрлі қызметтердің тоқтап қалу қаупін азайтуға ықпал етеді. Аталған жұмыс тобы карантин уақытында тәулік бойы жұмыс жасайды. Қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты сұрақтар бойынша (апаттық өшіру, элекр, су жылудың болмауы) тұрғындар қалалық iKOMEK109 орталығына (call-center 109) хабарласа алады.

Сонымен қатар, келесі сервистер бойынша хабарласуға болады:

- astana.gov.kz әкімдіктің ресми сайты;

- iKOMEK109 (PlayMarket/AppStore) мобилді қосымшасы;

- чат-бот Telegram (t.me/nursultanikomek109_bot);

- Smart Astana (PlayMarket/AppStore) мобилді қосымшасы;

-  aitu.city порталы.