• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Наурыз, 2020

Халықаралық каноэ федерациясы Олимпиада жолдамасын әлемдік рейтингке сай бөледі

150 рет
көрсетілді

Халықаралық каноэ федерациясы (ICF) коронавирус індетінің таралуына байланысты слаломды есуден құрлықтық чемпионаттарды өткізбейді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Осыған орай, халықаралық федерация Токио Олимпиадасына жолдама алған спортшыларды әлемдік рейтингтегі орнына қарай анықтайды.  Өкінішке қарай, спорттың бұл түрінен 2019 жылы Испанияда өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар іріктеуден өте алған жоқ. Сол себепті, слаломды есуден Қазақстанға Олимпиада жолдамасы бұйырмайтыны анық. 

Квота алған мемлекеттер мен спортшылар туралы шешімді халықаралық федерация сәуір айының басында жариялайды деп күтілуде.