• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Наурыз, 2020

Екібастұзда бірнеше қабатты маскалар тігілуде

157 рет
көрсетілді

Екібастұзда кәсіпкер Гүлперизат Өтебаеваның тігін үйі негізінен ұлттық киімдер тігумен айналысады. Қыз ұзату тойына арналған қоржындар, әшекейлер, жасайды.

Ол «Бастау» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы. Осыдан бес жыл бұрын арнайы курста оқып, бизнесті дамытуға грант алады.

- Қазір коронавирустық инфекцияға байланысты қажеттілігі байқалған соң, маска тігуді бастап кеттік. Өндірісті қала болғандықтан, кәсіпорындардан да тапсырыстар көптеп түсуде, - дейді кәсіпкер.

Қазір тігін цехында 6 әйел жұмыс істейді. Күніне 300 дана бірнеше қабатты маска тігеді. Ересек адамға бір маска 300 теңге, ал балалар үшін - 250 теңге. Оларды көп рет қолдануға, жууға және үтіктеуге де болады.

 

Павлодар облысы