• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Наурыз, 2020

Қызылорда: Кітап оқудан онлайн эстафета

867 рет
көрсетілді

«Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы аясында Қызылордадағы мектептің білім алушылары демалыс уақытында қазақ және әлем жазушыларының шығармаларын оқып, әлеуметтік желі арқылы оның мазмұнымен өзгелерді таныстыруда.  

Кітап оқу эстафетасын алғашқы болып «Сұңқар», «Бегім ана» және «Сыр елі» тобы оқушылары қолдаған. Жас оқырмандар Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасын, Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» романын және Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» шығармасын оқуға кеңес береді.