• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Наурыз, 2020

Табысын жасырған 46 отбасы 52 миллион теңгені қайтарды

432 рет
көрсетілді

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 3487 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған.

Облыс бойынша 3487 отбасынан 15 мыңнан астам адамға 364 миллион теңгеден астам АӘК берілген.

Сондай-ақ 1-6 жастағы балалары бар отбасылар кепілді әлеуметтік пакет алды. Ондай пакетті алуға өңірімізде 4 мыңға жуық бала тіркелген.

Бүгінде облысымызда тұратын 6497 бала 295 миллион теңгеге жәрдемақы алады.

Ал, қалалық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау секторының меңгерушісі Айнұр Мұқашбекованың айтуынша, облыс орталығында тұратын 1324 отбасыға 93,3 миллион теңгеге АӘК тағайындалған.

–Бірақ табысын жасырған 46 отбасы өз еркімен 52 миллион теңге қаржыны қайтарды. Сот шешімі бойынша тағы да 2 отбасы 500 мың теңгеден астам қаржыны қайтаруға міндеттелген.

 

Павлодар облысы