• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Наурыз, 2020

Түркістан: Төтенше жағдайды ескермеген тойшыл қауым жазалануда

698 рет
көрсетілді

Өкінішке қарай, бүгінгідей жауапты сәтте төтенше жағдай талаптарын сақтауға  мән бермей отырған тойшыл қауым табылуда. Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғыны Ленгірде орналасқан кафесінің жұмысын түн жарымына дейін тоқтатпаған.

Құқық бұзған дәмхана қожайынына қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 476-бабымен хаттама ресімделген. Аудандық сотта өз ісіне өкінетіндігін айтып, кінәсін толық мойындаған кәсіпкерге  26510 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін​ Арыс қаласының тұрғынына 18557 теңге көлемінде айыппұл салынды. Арыс қаласының тұрғыны өз үйінің ауласына туған-туыстарын шақырып, көпшілікті жиып беташар тойын өткізген. Сотта құқық бұзушы әйел перзентінің қуанышын  жақындарымен бөліскісі келгенін, тәртіпке бағынбай құқық бұзғанына өкінетіндігін, өзінің кінәсін толық мойындайтынын айтқан.

Айта кетелік, екі жағдайға байланысты да сот қаулысы заңды күшіне енбеген.